Сатылған жолдаманың 20 пайызын салық ретінде төлеу еліміздегі туристік қызмет құнын қымбаттатады- Рашида Шайкенова

АЛМАТЫ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда Қазақстандық туристік қауымдастық өкілдері баспасөз мәслихатын өткізіп, салық саласындағы кейбір өзгерістер туристік нарықтың дамуына кедергі келтіріп отыр деп мәлімдеді.
None
None

Биылдан бастап салық жеңілдігіне ие мемлекеттердің туристік жолдамаларды сатудан түскен жалпы сомадан туристік фирмалардан алдын-ала корпоративтік табыс салығын есептеу тәжірибесі енгізілгені белгілі. Қазақстанда ҚР Салық кодексінің 192, 224 баптары негізінде де осындай шара қабылданған. «Нәтижесінде Салық органдары туристік фирмалардан сатылған жолдамалардың құнының 20 пайызын салық ретінде төлеуді талап етіп отыр. Бұл шет елдік серіктестіктердің қазақстандық турфирмалармен серіктестік орнатуға, туристік қызмет құнының қымбаттауына әкеп соғады. Бұл туризм саласын тұралатады» дейді Қазақстандық туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова.

Соңғы жаңалықтар