Сауат Мыңбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып Сауат Мыңбаев тағайындалды.
«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Өмірзақ Шүкеев атқарған жұмысы үшін Ләззат Қиыновқа алғысын білдіріп, активке «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жаңа басшысын таныстырды.
«Ләззат Кетебайұлы, сіз компанияға күрделі кезеңде келдіңіз. Сіз компанияда «ҚазМұнайГаз» кәсіпорындарындағы әлеуметтік жағдайдың тұрақталуында үлкен жұмыстар атқардыңыз», - деді «Самұрық-Қазына» басшысы Компанияның жаңа басқарма төрағасымен таныстыра отырып.
«Сауат Мұхаметбайұлын көп таныстырудың қажеті жоқ. Ол өз ісінің хас шебері. 2006 жылдан бастап оның қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ мен мұнай-газ саласымен етене байланысты боп келеді. Мұнай және газ министрлігін басқарумен қатар ол Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі болды, соңғы тоғыз айда «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның Директорлар кеңесін басқарды, аталған компанияның стратегиялық және ағымдық мәселелерімен жақсы таныс. Сауат Мұхаметбайұлы, жаңа қызметіңіз жемісті болсын. Сіз компанияның дамуына жаңа серпін беретініңізге сенемін», - деп қосты Өмірзақ Шүкеев.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына кіреді.