Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстанмен орнатылған тығыз қатынастарды бағалайды және қастерлейді

АСТАНА. Желтоқсанның 17-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау болды.
None
None

 Елшілік баспасөз қызметінің хабарлағанындай, іс-шараға Эр-Риядта аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдіктері, сондай-ақ Корольдік министрліктер мен ведомстволар, саяси, экономикалық және қоғамдық топтар өкілдері қатысты.

 Қонақтар үшін ҚР Президенті Н.Назарбаевтың араб тіліндегі «Қазақстандық жол» атты кітабының және Мемлекет басшысының жеке кітапша ретінде шығарылған «Дағдарыстан шығатын жол» және «Бесінші жол» мақалаларының таныстырылымы ұйымдастырылды. Бүгінгі Қазақстан, Астана, еліміз халқы туралы әңгімелейтін көркем фотокөрме келушілердің үлкен қызығушылықтарын туғызды.

 ҚР Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атына Сауд Арабиясының королі Абдалла бен Абдел Әзиз Әл Сауд және мұрагер ханзада Султан бен Абдел Әзиз Әл Сауд өз құттықтауларын жолдады.

Соңғы жаңалықтар