Сауд Арабиясында алаяқтығы үшін іздеуде болған Қазақстан азаматы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Сауд Арабиясының астанасында 46 жастағы Қазақстан азаматы Мұхит Омар ұсталды. Оны аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін Қарағанды облыстық ІІД іздеп жүрген, деп хабарлады ҚР ІІМ баспссөз қызметі.
None
None

Мұхит Омар 2006 жылдан 2008 жылға дейін Балхаш қ. «AB Metalls» басқарма төрағасы болып бірнеше рет өзіне деген сенімді пайдаланып, алдау арқылы біреудің мүлкін тартып алған.

Тергеу кезінде жасанды құжаттардың, сенімхаттар мен келісімшарттарда жалған қолтаңба пайдаланылғаны, сонымен қатар оның өзге де заңсыз әрекеттері анықталды.

Келтірілген залалдың жалпы көлемі 200 млн. теңгеден асты.

Қазір ұсталғанды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар