18:47, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Сауд Арабиясында Ислам конференциясы ұйымының экономикалық, әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі 34-ші сессиясы өтеді
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 24-26 сәуір аралығында Сауд Арабиясының Джидда қаласында Ислам конференциясы ұйымының экономикалық, әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі 34-ші сессиясы өтеді. Бұл жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов айтты.
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш жиынға қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров бастап барады. Осы шара барысында 28-30 маусым күндері Астанада өтетін Ислам конференциясы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясының қорытынды шешімдерінің жобасын қарау жоспарланып отыр.