Сауд Арабиясының дзюдошысына Олимпиада ойындарына хиджабпен шығуға рұқсат етілді

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының дзюдошысы Войдан Али Серай Абдулрахим Шахерканиге Лондондағы Олимпиада ойындарына хиджабпен шығуға рұқсат берілді,
None
None

деп хабарлады "Әль-Жазира".

Бұған дейін Халықаралық дзюдо федерациясы Сауд Арабиясының спортшысының жарысқа хиджабпен шығуына қарсы болатын. Алайда Сауд Арабиясынан бәсекеге қатысатын екі әйелдің бірі - Войдан Али Серай Абдулрахим Шахеркани олай болмаған жағдайда жарысқа  шықпайтындығын мәлімдеді.

Сауд Арабиясының ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілдері мәлім еткендей, кеше Халықаралық олимпиада комитеті мен Халықаралық дзюдо федерациясы спортшы қызға хиджабтың «ерекше» үлгісінде шығуына рұқсат берді. Спортшы қыздың шашын көрсетпейтін орамал мен «ерекше» үлгідегі хиджабтың қандай болатыны әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар