Сауд Арабиясының Королі елде тіркелген бірқатар шетелдік елшілерді қабылдады

АСТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат - Тамыздың 22-сінде Жидда қаласында Сауд Арабиясының Королі, Қос киелінің шырақшысы Абдалла бен Әбдел Әзиз Әл Сауд Королдікте тіркелген бірқатар шетелдік елшілерді қабылдады. Бұл шара мұсылмандар үшін қасиетті Рамадан айына орай өтті, деп хабарлады Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Аталмыш шараға Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шариф азиялық елшілер тобының дуайені ретінде шақырылды. Сұхбат барысында қазақстандық дипломат Сауд Арабиясының Королі Абдалла Әл Саудқа Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құттықтауын жеткізді.

2011 жылы Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді. Біздің еліміз зайырлы мемлекет ретінде мұсылман өркениетінің ажырамас бөлігі. Қазақ ұлтының рухани мәдениетінің негізгі бөлшегі болған Исламмен тарихымыз жүздеген жылдар бойы үздіксіз байланыста. Осы беделді халықаралық ұйымның жарғысында «Ислам Конференциясы Ұйымы ислами құндылықтарды, өмірге құштарлықты, төзімділікті, теңдікті, әділеттік пен адами қасиеттерді сақтауға және дамытуға, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікке, өркениеттер мен мәдениеттер, діндер арасындағы түсіністік пен диалогқа үлес қосуға шақырады» - делінген.

Сол күні Король Абдалла Сауд Арабиясының Қазақстандағы жаңа елшісі ретінде Әбдел Мәжид Хакимді тағайындады.

Соңғы жаңалықтар