07:58, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Сауд Арабстанындағы қазақ диаспорасы көші-қон жөніндегі «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасымен танысты
АСТАНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон жөніндегі комитетінің төрағасы Х.Әбішев Сауд Арабстанында болған сапарында қазақ диаспорасының өкілдерін Қазақстандағы көші-қон жөніндегі «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен таныстырды,

деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.
Көші-қон жөніндегі комитет төрағасы қандастарымызды тарихи отанынан қоныс аударуының құқықтық және экономикалық сипаттары туралы әңгімелеп берді. Қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясы делегациясының құрметіне қарашаның 3-де Жіддада өткен қабылдаудың аясында өтті.
Шараны Қазақстан Елшілігі Жіддадағы біздің елдің консульдығымен бірлесіп, Ислам конференциясы ұйымының құрылуының 40 жылдығына орай ұйымдастырды.
Саудияда 3 мыңға жуық қазақ тұрады.