Сауда-экономикалық ынтымақтастық қазақстан-қытай қарым-қатынасының тартушы күші болып қала беруде - Ө.Шөкеев

sp;БЕЙЖІҢ.   Желтоқсанның  4-і. ҚазАқпарат /Руслан  Сүлейменов/ - Сауда-экономикалық  ынтымақтастық    қазақстан-қытай  қарым-қатынасының    тартушы күші  болып  қала  беруде.
None
None

Бұл туралы     жұма,    желтоқсанның 4-інде Бейжіңде    басталған    Ынтымақтастық жөніндегі   қазақстан-қытай комитетінің    бесінші  мәжілісінде      Қазақстанның  бірінші вице-премьері Өмірзақ  Шөкеев мәлім етті.

Қазақстанның  бірінші  вице-премьерінің  атап көрсетуінше,  тараптар   тауар  айналымын 2015   жылға   дейін   15 миллиард  АҚШ  долларына  жеткізу  туралы мемлекет басшылары   қойған  міндетті  мерзімінен  бұрын   орындап отыр.  2008   жылы    тауар  айналымы 17,5 миллиард  АҚШ  долларынан  асты.    Бірақ та  қаржы-экономикалық  дағдарысы     оның  динамикасына  теріс әсер етті.   Қазақстанның  статистикалық қызметінің   мәліметі  бойынша,  2008 жылдың сәйкес  кезеңімен  салыстырғанда,  2009 жылдың  қаңтар-қыркүйек  айларында тауар  айналымы  20 пайыздан  астамға    төмендеген.

«Осыған байланысты,  дағдарыстың  теріс әсерін  азайту  мақсатында,  біз     өзара іс-қимылдарды,  әсіресе     тауар айналымын  әртараптандыру,  жоғары  қосымша  құнды  өнімдердің  үлесін  арттыру,       экономиканың   шикізаттық  емес   секторларындағы   Қазақстан  Республикасының  үкіметі мен  Қытай  Мемлекеттік  кеңесінің арасындағы       ынтымақтастық бағдарламасының  Іс-шаралар жоспарын    біртіндеп жүзеге  асыру  бағытындағы    іс-әрекеттерді күшейтуіміз  керек»,  деп атап көрсетті Ө.Шөкеев  өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар