Сәуір айында Ұлттық банктің халықаралық резервтері ұлғайды

АТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Сәуірде Ұлттық Банктің халықаралық резервтері ұлғайды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 37,0 миллиард АҚШ долларына дейін 5,1 пайызға өсті (жылдың басынан бастап - 30,7%-ға өсті). Өсім Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу, Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуі, Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету және Ұлттық қордың активтерін толықтыру жөніндегі операциялар есебінен байқалды. Бұдан басқа банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтары төмендеген. Нәтижесінде таза валюта активтері (ЕАВ) сәуірде 5,0 пайызға өскен. Алтындағы активтер оның бағасының әлемдік нарықтарда өсуі есебінен 7,0 пайызға ұлғайды.

Г.Марченконың айтуынша, сәуірде еліміздің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 36,0 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда 5,9 пайызға өсіп, 73,0 миллиард долларды құрады (жыл басынан бастап 24,0%-ға өсті).

Соңғы жаңалықтар