Сәуір айының соңында Шымкентте ІІ «Алтын жебе» анимациялық кинофестивалі өтеді

ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте ІІ «Алтын жебе» анимациялық кино фестивалінің ашылу рәсімі сәуірдің 26-сіне белгіленді,
None
None

деп хабарлады фестиваль президенті Керімбек Ниязбаев. Бұл шараны Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, ҚР Киноматографистер одағы және шымкенттік «Жебе» компаниясы ұйымдастырып отыр.

Алғашқы фестивальдің өткізілуіне осыдан 2 жыл бұрын осы «Жебе» аниматорлары ұйытқы болған еді. Сол жолы жоғары деңгейде және түрлі елдердің ондаған мультипликаторларының қатысуымен өткен фестиваль дәстүрлі шараға айналып отыр.

«ІІ фестивальге ТМД, Балтық бойы елдерінен, АҚШ, Жапония, Франция, Қытай, Германия, Польша елдерінен анимациялық өнер мамандары шақырылып отыр. Алыс және жақын шетелден қазірдің өзінде 18 шебер фестивальге қатысуға өз келісімін берді, келіссөздер жалғасуда», дейді К.Ниязбаев, Сондай-ақ, «Алтын жебеге» қатысуға 50-ден астам қазақстандық аниматор өтініш беріп отыр.

Фестивальдің ашылу рәсімі облыстық драма театрында өтеді. Облыс әкімдігі фестивальді өткізуге 10 миллион доллар бөліп отыр, аниматорлар мен жергілікті кәсіпкерлер де қолдау көрсетуде.

«Фестивальдің негізгі мақсаты - аниматорлардың халықаралық қоғамдастығының аясында кәсіби жетістіктермен алмасу, бірлесіп фильмдер түсіру үшін қарым-қатынас орнату және уақыт өте Шымкентті дүниежүзілік анимацияның даму орталықтарының біріне айналдыру», - дейді облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Ниязов.

Соңғы жаңалықтар