Сәуірге дейін Ұлттық қор қаражатын пайдаланудың жаңа тұжырымдамасының жобасы әзірленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы сәуірге дейін Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасының жобасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
None
None

«Бюджет саясатының негізгі мақсаттары қатаң үнемдеу, мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және Ұлттық қор қаражатын ұтымды пайдалану болады. Осыған байланысты, 2016 жылғы сәуірге дейін Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасының, сондай-ақ 2016 жылғы тамызға дейін жаңа редакциядағы Бюджет кодексінің жобалары әзірленетін болады», - деді Е.Досаев. Оның сөзіне қарағанда, 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында 2016 жылғы сәуір-тамызда тиімсіз шығыстарды және жеке сектор қаржыландыруы мүмкін шығыстарды алып тастау арқылы бюджет шығыстарын оңтайландыра отырып, республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізілетін болады. «2016 жылғы наурызға дейін Бюджет кодексіне қолма-қол ақша тапшылығын жабу үшін жергілікті атқарушы органдардың үш жылға дейінгі мерзімге Үкіметтен қарыз алуын көздейтін толықтырулар енгізілетін болады»,- деп атап өтті министр.

Соңғы жаңалықтар