Саясаттанушы Ерлан Саиров жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясындағы ішкі кадрлық ауыс-түйіс аясында саясаттанушы Ерлан Саиров ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Бұған дейін төраға орынбасары болған Гүлнәр Жұмагелдиева ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі қызметіне ауысты.

Ерлан Биахметұлы Саиров 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әр жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде,  ҚР Парламенті Мәжілісінде басшылық лауазымдарды атқарған.  «Мәдени даму институты» қоғамдық қорының ғылыми жетекшісі, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі болған.

Соңғы жаңалықтар