Саяси партиялардың белсенділігі мерзімінен бұрын сайлау өткізумен байланысты емес - Д. Абаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Саяси партиялардың белсенділігі мерзімінен бұрын сайлау өткізумен байланысты емес. Бұл туралы Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында онлайн-брифингте «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің сауалына жауап берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәлімдеді.
None
None

«Соңғы кездері Қазақстанда саяси партиялардың белсенділігі байқалуда. Кейбір саясаттанушылар бұл белсенділік парламентке мерзімінен бұрын сайлау өткізумен байланысты болуы мүмкін деп тұжырымдайды. Сіздің пікіріңізше, мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізудің қажеттілігі бар ма?» деген сұраққа:

«Саяси партиялардың белсенді қызмет етуі - қалыпты үдеріс. Бұл сайлаушылардың дауыс беруі сайлауалды науқаннан емес, сайлауаралық кезеңдегі жұмысқа байланысты екенін түсінудің нәтижесі болуы да мүмкін. Менің ойымша, партиялардың белсенділігі мерзімінен бұрын сайлау өткізумен байланысты емес», - деп жауап берді Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум