Сайлауға қатысу - әр адамның азаматтық борышы -К.Хамидуллин, БҚО

ОРАЛ. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Сайлауға қатысу - әр адамның азаматтық борышы. Бұл туралы Сырым ауданында тұратын зейнеткер Кашөк Хамидуллин мәлім етті.
None
None

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілікті де талап етеді, дейді ол. Қаңға сіңген қасиет болса керек, әуел кезден еңбектің қайнаған ортасында жүрдік. Енді, міне, еліміз өз алдына шаңырақ көтеріп, тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толған кезеңдегі саяси дода сайлауға тағы да көңіліміз көтеріңкі, шатты көңілде дауысымды бергелі отырмын. Шатты көңілде дегеннен шығады, бүгінде жергілікті халық көгілдір отын, таза су рахатын көруде. Денсаулық, мәдениет, білім саласында да оңды өзгерістер бар. Ардагерлердің тұрмыс жағдайын жақсартуда, қамқорлық көрсетуде де игілікті істер атқарылуда. Міне, осындай аялы қамқорлыққа бөленіп отырған ардагерлер қауымы 15 қаңтардағы сайлауға ұйымдасқан түрде қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар