Саз колледжiнiң студенттерi «Шабыттан» жүлдемен оралды - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан саз колледжінің хор ұжымы халықаралық «Шабыт» фестивалінен жүлдемен оралды. XVII рет өткізілген байқауда үшінші орынды иеленді.
None
None

Өнер бәсекесінде қатысушылардың талантын Қырғызстанның халық әртісі Мұратбек Бегалы бастаған топ таразылады, деп хабарлайды shymkala.kz.

Биылғы «Шабыт» бұрынғыдан өзгерек болды. Фестиваль бағдарламасы «Ұлттық музыка» және «Камералық хор» аталымдарымен толықты. Бұл жауқазын жастардың халық алдына шығып, өз өнерін паш етуге мүмкіндік туды. Өнерпаздар додасында жерлестеріміз қазақ әндерін, әлем классиктерінің шығармаларын орындады. Екінші кезеңде 5 бірдей хор сайысқа түсті. Фестивальге қатысушылардың ешқайсысы да осал болмады. Десе де, хор ұжымы жеңісті қолдан бермеді. Талантты жастардың өнерін халықаралық сайыстың қазылар алқасы жоғары бағалады. Хор жетекшісі Жанат Сақыбекованың айтуынша, бұл - үлкен ізденіс пен тынымсыз еңбектің нәтижесі. - Біз мұндай жеңісті күткен жоқпыз. Бірақ алдымызға жүлдемен ораламыз деген мақсат қойдық. Шараға жан-жақты дайындалдық. Шығармаларды бұзбай, байсалды, байыпты орындалуына мән бердік. Нәтижесінде үшінші орынды жеңіп алдық. Жеңіс ұжымға шексіз шабыт сыйлады,- дейді 4 курс студенті Әсел Анетова. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан саз колледжіндегі хор ұжымында 65 студент бар. Оның 24-і «Шабыт» фестиваліне қатысып отыр. Ұжым жуырда халықаралық сайыстарға қатысуды жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар