"Сбербанк" АҚ еншілес банкі нарықтағы өз үлесін 5 пайызға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Биыл шағын және орта бизнеске бірқатар жаңа өнімдер дайындап отырмыз". Оны "Сбербанк" АҚ еншілес банкі басшылары бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Банктің 5 жылдық жаңа стратегиясы қабылданды. Біздің міндет - нарықтағы үлесті 5 пайзға дейін жеткізу. Бұл өзіндік өнімдер желісі, өзіндік технология, ірі клиенттермен жұмыс. Биыл шағын және орта бизнеске жаңа өнімдер дайындадық. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды жоспарлап отырмыз", дейді "Сбербанк" АҚӨ ЕБ Басқарма төрағасының 1-ші орынбасары Александр Камалов. Басқарма төрағасы Олег Смирновтың айтуынша, қазір олардың нарықтағы үлесі 1,8 пайызды құрап отыр. Биыл алғашқы тоқсанда несие қоржындары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,4 пайызға артты. Ал қоржын өсімі 18,4 пайызды құрап отыр. Банк сарапшылары мұндай өсім, бірінші кезекте Қазақстан экономикасының жандануын байқатады деп есептеуде.

Соңғы жаңалықтар