"Сбербанк" АҚ еншілес банкінің активтері былтыр 2 еседен астам ұлғайды
Оны банк басшылары бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Өткен сейсенбіде біз акционердің жылдық жалпы жиналысын өткіздік. Онда 2009 жылдың қорытындысы туралы есеп берілді. Біз өз міндеттемемізді толық орындап шықтық. Қазір нарықтағы үлесіміз 1,8 пайызды құрайды. 2010 жылы қаңтардың 1-інде актив көлемі бойынша оныншы, жеке капитал көлемі бойынша алтыншы, таза табыс бойынша үшінші орын алдық. Ал Қазақстан нарығында жұмыс жасаған 2,5 жылдың ішінде 1,2 миллиард доллар инвестиция салынды", дейді "Сбербанк" АҚӨ ЕБ Басқарма төрағасы Олег Смирнов. Былтыр онда заңды тұлғалардың салымдары 4 есе, жеке тұлғалардың салымдары 3 есе артты. Басқарма төрағасының айтуынша, банктің табысты қызметі биыл Fitch ratings халықаралық рейтинг агенттігі тарапынан атап өтілді. Олар алғаш рет "ВВВ" рейтингін тағайындап отыр. Ұзақ мерзімді ЭДР және ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам - "тұрақты". Осылайша оның деңгейі енді республикадағы екінші деңгейлі банктер арасында екінші деңгейдегі рейтингке сәйкес келеді.