«Щинэди Майя!», «Щинэди Зүлфия!» - Жамбыл облысының дұнғандары Қазақстанның Олимпиада чемпиондарын құттықтауда

ТАРАЗ. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпиондары Зүлфия Чиншанло мен Майя Манеза Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Жалпақ төбе (бұрынғы атауы - Дунгановка) ауылында тұратын дұнған диаспорасының атынан құттықтау жеделхаттарын алды.
None
None

«Полаткощинск, Сортөбе, Масаншы ауылдық аймақтарының әкімдіктері, ақсақалдар кеңесі, Батыр аналар кеңесі, «Гуонлён» жастар орталығының мүшелері, Жамбыл облысындағы Жалпақ төбе, Сортөбе, Масаншы ауылдарының барлық жастары отандастарын олимпиадалық алтын медальдарымен, ал Зүлфия Чиншанлоны Олимпиада рекордын орнатумен шын жүректен құттықтайды!», - деп атап өтті ҚР Жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясының академигі, М.-Х. Дулати атындағы Тараз гуманитарлық университетінің профессоры Рәшид Бәкіров.

Бүгінде Жамбыл облысында дұнған диаспорасы өкілдерінің 30 мыңнан астамы тұрады. Жамбыл облысындағы «Вынхуа» ұлттық-мәдени орталығы мен дұнған жастар бірлестіктері Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтағы этникалық бірлестіктері арасында ең белсенді әрі жұмыстары қызулардың қатарында.

Дұнған тілінде щинэди - «қымбатты» дегенді білдіреді.

Соңғы жаңалықтар