Щучье қаласында аумағы 2400 шаршы метр астық қоймасы өртке оранды (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Щучье қаласында аумағы 2400 шаршы метр астық қоймасы өртке оранды. Тілсіз жау Ақмола облыстық өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жедел іс-қимылының арқасында ауыздықталды.
None
None

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, бүгін таңертең сағат 08:33 шамасында Ақмола облыстық ТЖД-ның Щучье қаласындағы өрт байланысы орталық пунктіне астық қоймасының өртке оранғаны жөнінде хабар түскен. «Тілсіз жауды ауыздықтауға аймақтық ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және апатты-құтқару жұмыстары» ММ-нің жеке құрамынан 60 адам және 17 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Қатты желдің салдарынан өрт қойманың шатыры арқылы тарап, 2400 шаршы аумақты қамтыды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда»,- деп түсіндірді Руслан Иманқұлов.

Соңғы жаңалықтар