Щучье қаласында қару-жарақ сақталған сейф қолды болды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының Щучье қаласында қару сақталған сейф қолды болды.
None
None
Қазір өңір полицейлері іздестіру шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Щучье ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары пәтерінен 12-ші оқпанды екі аңшы мылтығы мен «ОСА» тапаншасы сақталған темір сейфті белгісіз біреулер алып кеткен. Қаруларының қолды болғанын үй иесі кезекті сапардан оралғанда бір-ақ біліп, тиісті құқық қорғау орындарына хабарлаған. Қазіргі кезде ҚР ҚК-сі 175-ші бабының 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздестіру шаралары жалғастырылуда.
Соңғы жаңалықтар