09:51, 04 Қаңтар 2012 | GMT +5
Щучинск қаласында үй өртеніп, ер адам қаза тапты
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - 3 қаңтарда Ақмола облысы, Бурабай ауданының Щучинск қаласының Целиноградская көшесінде 15. 58 минут кеткенде жеке үйден өрт шықты.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт 18. 02 минут кеткенде сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облысының ТЖД-ның 12 адамнан тұратын арнайы құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы жұмылдырылды. Өрттің салдарынан 47 жастағы ер адам көз жұмды.