Сегізінші Азия-Еуропа саммиті әлемдік жалпы өнімінің 60 пайыздан астамын өндіріп отырған 40 елдің көшбасшыларын жинайды

БРЮССЕЛЬ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Дүйсенбі, қазанның 4-і күні Брюссельде еуропалық және азиялық мемлекеттердің гүлдену мәселелері және осы мемлекеттердің азаматтарын сапалы да лайықты өмірмен қамтамасыз ету мәселелері басты тақырыбына айналатын Сегізінші Азия-Еуропа саммиті өз жұмысын бастайды,
None
None

деп хабарлайды Еурокомиссияның баспасөз қызметі.

Қазанның 4-5-і күндері өтетін форум әлемдік жалпы өнімнің 60 пайыздан астамын өндіріп, әлемдік сауданың үштен бірін қамтамасыз етіп отырған 40-тан астам мемлекеттің жоғары лауазымды өкілдерінің басын қосады.

Саммит жұмысы барысында жаһандық қаржыландыру мен экономикалық басқарудың тиімді жолдары, сонымен қатар, әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін мемлекеттердің нық дамуы талқыланады. Сондай-ақ, лаңкестік пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, жаппай қырып-жою қаруларының таралуы мен олардың жеткізілу құралдарына қарсы күрес мәселелері де қаралады деп жоспарлануда. Елдер мен әртүрлі ұйымдардың көшбасшылары аймақтық ынтымақтастық тетіктері мен ілгерілеушілік туралы, сонымен қатар Иран, Ауғанстан, КХДР, Мьянма мен Таяу Шығыстағы жағдайлар туралы пікір алмасады.

Соңғы жаңалықтар