Сексеуіл стансасында «Жол картасы» бойынша былтыр 52 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды - Қызылорда облысы
Бұл туралы Сексеуіл кентінің әкімі Елеусіз Серікбаев хабарлады.
Соңғы үш жылда 12 мың тұрғыны бар кентті көркейту-көгалдандыру жұмыстары кең ауқыммен қолға алынған болатын. Бұған 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бекетті абаттандыру жұмыстарына 39 млн. теңге бөлінгені мұрындық болды. Келесі 2010 жылы осы мақсатта 34 млн. теңгенің қаражаты игерілді.
- Бұлардан басқа, жолды қалпына келтіру бағытында біршама істер атқарылды, - дейді кент әкімі. - Мәселен, 2010 жылы «Арал - Сексеуіл» бағыты бойынша автожолды жаңғыртуға республика бюджетінен 105 млн. 573 мың теңге бөлініп, 7,5 шақырым жолға асфальт төселді. Аталмыш жұмыстар былтыр да жалғасып, 12,3 шақырым жол жөнделді. Жолдың қалған 10 шақырымы үстіміздегі жылы жөнделеді. Бұған қоса, кент көшелері кезегімен күрделі жөндеуден өтіп жатыр.