09:18, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
Сексеуілде тамшылатып суғару әдісіне назар аударыла бастады - Қызылорда облысы
ҚЫ ЗЫЛОРДА. Сәуірдің 6-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Арал ауданындағы Сексеуіл селолық тұтынушылар кооперативі тамшылатып суғару әдісімен 200 гектар тың жерді игеру жобасын ұсынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құны 450 млн. теңгені құрайтын бұл жобада Құмсай бөгеті қалпына келтіріліп, түрлі техникалар мен құрал-жабдықтар алу көзделген. Кооперативтің егін шаруашылығын дамытудағы басты мақсаты - аудан тұрғындарын көкөніс-бақша өнімдерімен қамтамасыз етіп, қызанақ пастасын (томат) шығару болып табылады. Үстіміздегі жылы Құмсай бөгетін қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 29,7 млн. теңге қаржы бөлінді.