Селден жапа шеккен тұрғындарға көмек қолын созған «Ұлттық Ұлан» әскерилеріне құрмет көрсету кеші өтеді - Алматы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда селден жапа шеккен тұрғындарға көмек қолын созған «Ұлттық Ұлан» әскерилеріне құрмет көрсету кеші ұйымдастырылмақ. Бұл жайлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Мерекелік кеш 18 қыркүйекте 11:00-де 5571 әскери бөлімінің клубында өтеді. Айта кету керек, 2015 жылдың 23 шілдесінен 27 тамызына дейін Ұлттық ұлан әскерилері Наурызбай ауданы Таусамалы, Қарғалы, Қарағайлы, Алғабас елді-мекендерінде орын алған төтенше жағдайлардың салдарын жою жұмыстарына қатысты. Аталған елді мекенде Ұлттық Ұланның 28237 әскери бөлімінің 300-ден астам жауынгері құтқару, апат салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Бір айдан аса уақыт ішінде әскерилер күшімен 160-тан астам адам құтқарылды, жалпы білім беретін мектептер мен әлеуметтік нысандар аумағынан жауынгерлер қолмен 10 мың тоннадан астам лай, көлікпен 29 мың тоннадан астам тасты лай-батпақ шығарды. Тұрғындарға 194 текше метр таза ауыз су жеткізіліп, жертөлелерден 600 текше метр лайлы су шығарылды.

Соңғы жаңалықтар