Семей қаласында экология пәні бойынша мектеп оқушылары арасында V мерейтойлық республикалық олимпиада өз мәресіне жетті

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 22-24 сәуір аралағында Семей мемлекеттік педагогикалық институтында экология пәні бойынша өткен мектеп оқушыларының V мерейтойлық республикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
None
None

Олимпада мақсаты - табиғатты аялауға негізделген патриоттықты тәрбиелеу, экологиялық білімді насихаттау, мектеп оқушыларының әлеуметтік белсенділігін дамыту болып табылады.

Білім жарысын ұйымдастырушылар - ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының хабарлауынша, олимпиадаға Қазақстанның 13 өңірі мен Астана қаласынан барлығы 132 оқушы қатысты.

Соңғы жаңалықтар