18:46, 17 Сәуір 2011 | GMT +5
Семей қаласында материалдық резервтер қоймасынан жүктер Батыс Қазақстан облысына жеткізілді
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Семей қаласындағы «Балқаш» РМК резервтік қоймасынан Батыс Қазақстан облысына ауқымды су басу салдарын жоюға қажетті жүктер жеткізілді,
деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖ департаментінің №7 өрт сөндіру бөлімінің автотехникасы келген ТЖМ ұшағына 10 мотопомпаны, өрт сөндіру-техникалық құрал-саймандарды және 600 килограмнан астам гигиеналық құралдарды жеткізді.
Жүкті бортына тиеп алған ұшақ экипажы Орал қаласына бағыт алды. Қазіргі кезде жүк діттеген жеріне ойдағыдай жеткізілді.