Семей қаласында «Менің елім-менің тағдырым» жастар форумы өтті

ӨСКЕМЕН. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы СМУ-дің қабырғасында «Менің елім-менің тағдырым» жастар форумы ұйымдастырылды.
None
None

Форумда ел тәуелсіздігімен құрдас жастар бас қосты. Жиынға қатысушыларды қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева құттықтап, «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы нақты басымдықтар жастарға олар қандай мемлекетте өмір сүретін болатынын көрсететін даңғыл жол екенін атап өтті. Ел халқының келешектегі тағдыры жастардың өздеріне жүктелген экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешулеріне тығыз байланысты.

Форум барысында кейінгі толқын Қазақстанда жастар мәселесіне баса мән берілітініне, нақты жастар жобаларын жүзеге асыру, жоғары білімді түлектерді жұмыспен және үймен қамту мәселелері шешіліп жатқанына тоқталды. Мемлекетімізде «Болашақ», «Жастарға қамқорлық», «Дипломмен - ауылға!» сынды ауқымды бағдарламаларға сенімділік артып, олардың өміршеңдігі дәлелденді.

Соңғы жаңалықтар