09:00, 02 Тамыз 2012 | GMT +5
Семей қаласында пойыз қағып кеткен ер адам жантәсілім етті
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Семей қаласында Семей - Дүйсекен стансасының аралығында 1 тамыз күні сағат 20.55-те №3005 жүк пойызы теміржолдан өтіп бара жатқан 34 жастағы ер адамды қағып кетті.

Ауыр жарақаттанған азамат оқиға орнында қаза тапты.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.