Семей қаласының соты «Шығысбурсервис» ЖШС-не қызметкерлерінің жалақысы мен зейнетақы жарнасын толығымен төлеуге міндеттеді

ӨСКЕМЕН. 15 қазан. ҚазАқпарат - Семей қаласының қалалық соты «Шығысбурсервис» ЖШС-іне қатысты қаулы шығарды: сотқа жүгінген аталмыш кәсіпорынның 13 қызметкеріне жалақылары мен зейнетақы жарналарын өтеуді міндеттеді.
None
None

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 13 адамның әрқайсысына кәсіпорын 63 мың теңгеден 1 млн.-нан астам теңгеге дейін қарыз болған. Сондай-ақ кәсіпорын жалақыдан басқа, зейнетақы қорына қажетті соманы аудармаған.

Сотқа келіп түскен арыздарды тексеру барысында шағымдардың орынды екендігі дәлелденді.

Оған қоса, жауап берушінің өкілі сот отырысына келмеді. Қазақстан заңнамасына сәйкес, бұл іс сотта сырттай қаралды. «Шығысбурсервис» ЖШС қызметкерлерінің талаптарын толығымен қанағаттандыру туралы шешім шығарылды.

Соңғы жаңалықтар