Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық қызметі ағын сумен күресті төтенше жағдай режімінде жүргізуде

СЕМЕЙ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық қызметі ағын сумен күресті төтенше жағдай режімінде жүргізуді жалғастыруда.
None
None

Қала көшелеріндегі қар наурыз айының алғашқы күндерінен күндіз-түні демалыссыз тасылып шығарылуда. Биылғы қыста қардың мол жаууы нормадағыдан жеті есе көп болды, еріген қар суы басқан көшелерден су сорып алынуда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары Нина Фоминыхтың мәліметі бойынша, су тасқынымен күрес шараларына 25 миллион теңге арнайы қаржы бөлінген. Бұл жұмысқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің барлық техникасы, басқа кәсіпорындардың арнайы көліктері, өрт қызметінің машиналары іске қосылған. Жеке сектордағы үйлерді ағын сулардан қорғау үшін 400 КаМАЗ машинасы бөгеттер және шағын гидроқұрылыстар салу үшін инертті материалдар тасып жеткізді.

Қолға алынған шараларға қарамастан, кейбір учаскелерді су басқан жерлер бар, алайда қаладағы жағдай бақылауда ұсталып отыр.

Соңғы жаңалықтар