Семей өңірінде жылдың басынан бері 50 шақты ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді

СЕМЕЙ.  Желтоқсанның  20-сы.  ҚазАқпарат /Лина Славина/ -   Агроөнеркәсіптік кешеннің  орнықты  даму  бағдарламасы  мен    инфляциялық үдерістерді  ырықтау  жөніндегі іс-шаралар жоспарын    жүзеге асыру аясында,     Семей өңірінде жылдың басынан бері   50 шақты ауыл шаруашылығы  жәрмеңкесі  өткізілді.
None
None

«Шығыс  Қазақстан  облысы  және  Семей  қаласы әкімдерінің  тапсырмалары  бойынша, жыл бойына   әр сенбі сайын   арнайы  бөлінген     жерлерде     қала тұрғындары үшін  жәрмеңкелер  өткізілді.    Семей  халқын  азық-түлікпен  үздіксіз қамтамасыз  ету  және     дихандарға   өздері  өсірген   өнімдерді   кедергісіз   сатуға көмектесу  үшін   қолдан  келген жағдайдың   бәрі  жасалуда»,  - дейді Семей әкімдігінің     ауыл шаруашылығы   бөлімінің  бастығы     Амантай Доғалақов.

Сенбілік  жәрмеңкелерде     аймақтың  шаруа қожалықтары  270 миллион теңгеден  астам соманың  өнімдерін    сатты.  Олар ұсынған     баға  базар нарқынан  15-20 пайызға  арзан болды. Қараша  айының   мәліметтері  бойынша,    жылдың басынан бері  қала тұрғындарына 269 тоннадан астам сиыр  еті, 53 мың тонна   жылқы еті,   10 мың тоннадай  сүт,   420  тонна  картоп,   сондай-ақ   ондаған және   жүздеген   тонна басқа да  ет-сүт  және жеміс-көкөніс  өнімдері  сатылған.

Соңғы жаңалықтар