14:52, 08 Мамыр 2013 | GMT +5
Семей: Үй төбесі опырылып, ұйқыдағы ерлі-зайыптыларды басып қалды
ӨСКЕМЕН. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен түнде Семей қаласындағы жеке тұрғын үйде ұйқтап жатқан ерлі-зайыптылар қаза тапты.

Жатын бөлмеде олардың үстіне төбе опырылып құлаған. Қайғылы оқиға тек таң атқанда, көрші бөлмеде жатқан балалар оянған соң мәлім болған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бір сағатқа жуық жатын бөлменің үйіндісін аршыды.
ТЖ мамандарының байламынша, төбе шатырға күл-қоқыстардың тым көп салынуынан опырылған.