Семей ядролық полигонының жабылуы - жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге Қазақстанның қосқан ұлы үлесі - Н.Назарбаев

Ю-ЙОРК. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Семей ядролық полигонының жабылуы - жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге Қазақстанның қосқан ұлы үлесі. Осындай мәлімдемені ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66- сессиясында сөйлеген сөзінде жасады.
None
None

Сөзінің басында Президент БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунды жоғары және жауапты лауазымға қайта сайлануымен, сонымен қатар Катар елшісі Насир әл-Әзиз ан-Насерді БҰҰ Бас Ассамблеясы 66-сессиясының төрағасы болып сайлануымен құттықтады. Н.Назарбаев Қазақстанның атынан сондай ақ Ұлттар Қоғамдастығының жаңа мүшесі - Оңтүстік Судан Республикасын тәуелсіздік алуымен де құттықтады.

«Биылғы жылы біздің еліміз Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидалары мен рухын берік ұстанды. Біріншіден, біз әлемдегі ең ірі Семей ядролық полигонын жауып, әлемдегі жаңа ядролық қарусыз мемлекеттің бірі болдық. Бұл менің елімнің жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан ұлы үлесі», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар