«СемейАвиа» АҚ «Ертiс» ӘКК көмегімен әуе кемелерінің паркін жаңартады

ЕЙ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Ертiс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «СемейАвиа» акционерлік қоғамы әуе кемелерінің паркін және инфрақұрылымын жаңарту бойынша инвестициялық жобаларға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.
None
None

Корпорация баспасөз қызметінің деректері бойынша, жобаны іске асыру мерзімі 2015 жылға дейін есептелген. Әуе кемелерінің паркін жаңартудағы ӘКК қатысу үлесі 10 пайыз, қалған 90 пайызы «СемейАвиа» АҚ-ның активтері болып табылады.

 «СемейАвиа» АҚ акцияларын «Ертiс» ӘКК-ге беру ағымдағы жылғы маусымда аяқталған болатын. Қазіргі кезде авиакәсіпорын екі ЯК-40 әуе кемесін пайдалануда. Олар Семей-Алматы-Семей бағыты бойынша тұрақты рейстер жасайды.

Соңғы жаңалықтар