Семейде алкоголь дайындайтын жасырын цех жабылды

ШҚО МКД экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізу барысында осы қылмысы үшін бұрын сотталған цех иесін анықтады. Ол лас жағдайда белгілі отандық фирмалардың тауарлық белгісін пайдаланып, арақ өнімдерін өндірген.
Үйді тінту кезінде түрлі маркалы («Хаома», «Талка», «Қазақстан» коньягі, «Түркістан», «Журавушка» және т.б.) 2 мың шишадан астам алкоголь өнімі, 10 мыңнан астам жасанды акциздік марка, заттаңба, тығын мен қақпақтар, т.б. алкоголь дайындауға қажетті құралдар тәркіленді.
Жасанды арақ өткізілген дүкенде «Русская троица» маркалы 1000-ға жуық шиша тәркіленді. Нарықтық бағасы 800-1500 теңгелік арақты ол нарықтық бағадан 200-300 теңгеге төмен сатқан.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 233-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша соталды тергеу шаралары басталды.
Қазір сараптама тағайындалды. Өнімді сату арналары тексерілуде.
Жыл басынан бастап экономикалық тергеу саласында 14 қылмыстық іс қозғалды. Көлеңкелі айналымнан 210 мың шиша, 211 мыңнан астам жасанды есептеу-бақылау маркасы тәркіленді.