Семейде Астана күніне арналған Арбат фестивалі болып өтті

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Семейде Астана күніне арналған Арбат фестивалі болып өтті.
None
None

Іс-шараны қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» және «Жастар бастамаларын қолдау» ұйымдары ұйымдастырды.

Арбат фестивалінің мақсаты - жас дарындарға өнерін көрсетуге мүмкіндік жасау. Шара барысында жас өнерпаздар Астана күніне арнап өнерлерін паш етті.

Мерекелік шара барысында қаланың осынау көрікті көшесінде өнердің сан түрі тоғысты. Фестиваль қонақтары мұнда қолөнер туындыларының көрмесін тамашалап, суретшілерге өз суретін салғызып, музыкалық концертке де куә болды. Семейліктер Арбат фестивалі аясында өткізілген жәрмеңкедегі көпшіліктің алдына қойылған қолөнер жұмыстарына да қызығушылар аз болмады. Тіпті кейбірі өзіне керегін сатып алып жатты. Осылайша Астана күні жастар арасында көше мәдениетін дамытуға да өз үлесін қосты, деп хабарлады Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторынан.

Соңғы жаңалықтар
Референдум