07:57, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
Семейде «Әйгерім» көркем фильмінің тұсаукесері өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде АТОМ жобасы аясында мүгедек жанның тағдырына арналған «Әйгерім» көркем фильмінің тұсаукесері өтті, деп жазады облыстық «Дидар» газеті.

«Жас ұлан» киностудиясында түсірілген бұл фильмінің тәрбиелік мәні зор, адамдардың бір-біріне қамқор болуын және қоғамымыздағы мүгедек жандарға қарайласуға үйретеді», - деді тұсаукесер өткен №3 мектеп директоры Нұржан Ахметқалиев
Фильм Қазақстан халқы Ассамблеясының тапсырысы бойынша түсірілген. Режиссері - Еркін Рақышев. Фильм жастайынан көзі көрмей қалған Әйгерім деген қыздың ауыр тағдырына құрылған. Әйгерім есейген шағында тігінші болып жұмысқа орналасады. Бірде ол қоларбаға танылған Ерлан есімді жігітпен танысады.
Айта кету керек, бұл фильмнің сценарийшісінің бірі - семейлік жас қаламгер, мүгедек жан Нұркен Бектас.