Семейде бес қабатты үйде болған өрт салдарынан 37 адам қауіпсіз жерге көшірілді, бір әйел иіс тиіп уланды

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы 410 кварталда орналасқан бес қабатты үйде кеше сағат  22:59-да екінші қабаттағы пәтер отқа оранды.
None
None

 Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

 Өрт сағат 23:20-да ауыздықталып, 23:49-да толық сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 10 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды. Жалын тілі 2 шаршы метр аумаққа тарады. 37 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Иіс тиіп уланған егде жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар