18:45, 25 Ақпан 2010 | GMT +5
Семейде бокстан Шығыс Қазақстан облыстық чемпионаты өтуде
СЕМЕЙ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде бокстан жастар мен ересектер арасындағы Шығыс Қазақстан облыстық турнирі өтуде. Өскеменнен, Семейден, Зыряннан, Риддерден және облыстың бірнеше аудандарынан келген жүзден астам спортшылар чемпиондық атақ жолында рингте сайыстарға түсуде.
Бокстан Шығыс Қазақстан облыстық чемпионаты ақпанның 26-сында аяқталады. Өз салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс құрама командасына енеді.