Семейде БҰҰ Даму Бағдарламасы шағын және орта бизнес өкілдерін оқытуда
СЕМЕЙ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейдің істі жаңа бастаған кәсіпкерлері үш күн бойына кәсіпкерлікті дамыту жөнінде кеңестер алады.
Бүгін Семейде қала әкімдігінің әріптестігімен «Бұрынғы ядролық полигон аумағындағы адамдардың қауіпсіздігін күшейту» жобасы ауқымында БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымдастырған «Бизнес-жоспарлау, бизнес-менеджмент, сапалы талдау, кәсіптік-техникалық білім, шағын лизинг және шағын несие» тақырыбына арналған семинар өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Семинар Семей қаласының және бұрынғы ядролық полигонға жақын орналасқан елді мекен, ауыл тұрғындарының, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің қаржылық және кәсіптік-техникалық сауаттылығын көтеруді мақсат тұтқан. Семинарға қатысушылар өздері алған білімдерін БҰҰ Даму бағдарламасының ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен бірлесіп, 2009 жылғы мамырда жүзеге асырғалы отырған шағын лизинг бағдарламасы бойынша несие алу кезінде пайдалана алады. Шағын лизинг ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері үшін өндірістік қондырғылар алуға үлкен көмек болмақ.