15:53, 16 Наурыз 2009 | GMT +5
Семейде БҰҰ Даму бағдарламасы жобасы бойынша семинар басталды
СЕМЕЙ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағында адам қауіпсіздігін күшейту» жобасы аясында БҰҰ Даму бағдарламасы Семейде «Бизнес-жоспарлау және шағын несиелеу» тақырыбында семинар өткізуде.
Шара бұрынғы полигон ауданына жапсарлас аймақтарда тұратын жергілікті аумақтар тұрғындарының, оралмандардың және шағын және орта бизнес өкілдерінің қаржылық сауаттылығын көтеру мақсатын көздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Семинар үш күнге созылады. Бұл уақытта оған қатысушылар бизнес-жоспар жасау, кәсіпкерлік қызметінде қателер жібермеу, шығындарды дұрыс есептеу және қаржы институттарымен ынтымақтасу тәсілдеріне үйренеді. Тренинг аяқталғаннан кейін аймақта ақпараттық орталықтар ашылады, онда жобаға қатысушылар тегін кеңестер ала алады. БҰҰ Даму бағдарламасының жобасы Семейлік аймақтағы төрт ауданда шағын және орта бизнес өкілдері үшін шағын несиелеуді көздейді. БҰҰ Даму Бағдарламасы кәсіпкерлікті дамытуға Абай, Абыралы, Жаңасемей аудандарына және Семей қаласына 200 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлмек.