09:25, 05 Мамыр 2010 | GMT +5
Семейде Ертіс өзенінің үстімен өтетін понтонды көпірмен қозғалыс барысында автокөлігімен бірге екі адам суға батып кетті
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Семей қаласында Ертіс өзенінің үстімен өтетін понтонды көпірмен қозғалыс кезінде «Ауди» автокөлігі жолдан шығып кетіп, суға кеткен.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, оқиға мамырдың 4-і күні түңгі сағат 12 жарымда болған. Қазір судан-құтқару қызметтері машинада болған 26 және 22 жастағы екі азаматтың денелерін іздестіру үстінде.
Осы күні сондай-ақ Ақтөбе қаласы Ақжар-2 кентіндегі «Көктас» АҚ-ға тиесілі жасанды суатта жұмыстар жүргізу барысында 1983 жылы туған азамат батып кеткен. Оның денесін жағаға судан-құтқару қызметі алып шықты.