Семейде қайырымдылық Веналық бал Шәмші Қалдаяқовтың «Бәрінен де сен сұлу» әуенімен басталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен Веналық бал Шәмші Қалдаяқовтың «Бәрінен де сен сұлу» музыкалық шығармасының әуенімен басталды.
None
None

7-12 сынып оқушыларының би жұптары балды 19 ғасырдағы бал дәстүрлері бойынша салтанатты жүріп билеуден бастады.

Жасөспірімдер қалалық филармонияның камералық оркестрі орындауындағы әуендермен вальс, көңілді полька, әдеттегіден тыс танго және нәзік менуетті билеп көрсетті.

Ұйымдастырушылар Веналық балдың бағдарламасына «Жүректен жүрекке!» қайырымдылық бәссаудасын қосты, одан түскен қаражат Семейдегі мүгедек балаларға жіберілді.

«Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушылары қайырымдылық Веналық балды тағатсыздана күтті, оның өткізілуі мұнда жақсы дәстүрге айналып, жасөспірімдер үшін басқа адамдарға мейірімділік пен махаббаттың шынайы сабағы болып табылады, деп атап өтеді қалалық ішкі саясат бөлімінен.

Веналық бал ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілгені белгілі, бұл Австрия астанасында 1935 жылдан бері өткізіліп отырған дәстүрлі шара.

Соңғы жаңалықтар