Семейде қаза болған жас хоккейшілер - Әлішер Оразғалиев пен Тимур Ахметовтың денелері жер қойнына берілуде

Семейлік «Локомотив» командасы 2002 жылы туған бозбалалар арасындағы шайбалы хоккейден ҚР чемпионатының бірінші турына бара жатқан. Жеткіншектер 3 желтоқсан күні кешқұрым павлодарлық «Ертіс» командасымен ойнауы керек болатын.
Бұл қайғылы апаттың мән-жайы кеше кешке қарай ұлттық баспасөз орталығында спорт басқармасы, олимпиадалық резев мектебі, хоккей федерациясы басшыларының, дәрігерлердің, жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен өткен брифингте егжейлі-тегжейлі айтылды.
Семей қаласының бозбалалар тобы ойынға 2 желтоқсан күні бағдарлық автобуспен шығуы тиіс еді, алайда жолдар толассыз жауған қардың салдарынан жабылып, рейстер кейінге қалдырылды. Ата-аналардың қатысуымен өткен жиналыста «Газель» көлігіне тапсырыс беру және Өскеменге келесі күннің теңертеңіне шығу шешімі қабылданды.
Бірақ «Газельдің» ішінде барлығы 10 орын болды, сондықтан 10 жастағы Әлішер Оразғалиевтің әкесі ұлын және оның 3 жолдасын өзінің көлігімен жеткізіп тастауды ұсынған. Оларға кәсіби жүргізушіні берген. Көптеген БАҚ-тардың жазуынша баланың әкесі көліктің басқаруында болмаған. ҚазАқпарат тілшісінің балаларға жол полициясының қызметкерлері неліктен ілесіп жүрмегендігі туралы сұрағына ШҚО ІІД ЖПБ-ның өкілі ондай тапсырыс түспегендігін айтты.
Одан әрі өңірдің автомобиль жолдары басқармасының бастығы сол күні жол 45 шақырымға дейін тазартылғанын, ал 43-ші шақырымда қардан тазартылған жолдың кеңдігі 6 метр болғандығын айтып берді. Қардың мол жаууы салдарынан жолды көру мүмкіндігі нашар болды.
Бозбалалар мінген «Тайота-Камри» көлігінің жүргізушісі алда келе жатқан көліктен озбақ болып, қарсы бағытқа шығып, джиппен соқтығысқан. Апат шетелдік көліктің артында келе жатқан «Газельдің» ішінде отырған команданың көз алдында орын алды. Тимур мен Әлішер бірден ажал құшты, 2 бала оқиға орнында құтқарылып, Өскеменге жеткізілді. Шетелдік көліктің жүргізушісі жарақаттанды, қыбарғалары сынды. Оны қауіпсіздік белдігі ажалдан аман алып қалды.
Апатқа кінәлілер тек тексеру амалдары аяқталған соң жазаланатын болады, дейді мамандар.
Марқұмдарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталған брифинг ұзаққа жалғасты. Оның қатысушылары қайғылы оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі анықтауға тырысты.