Семейде Қазақстан патриоттарының ІІ республикалық форумы өтуде

СЕМЕЙ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің Қазақстаным» атты ІІ республикалық патриоттар форумы өтуде. Оның жұмысына республиканың көрнекті қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, ҚР Парламенті Мәжілісі, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттары, саяси партиялардың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының,
None
None

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, белгілі ақындар мен жазушылар қатысуда. Форумның жалпы отырысы басталар алдында оған қатысушылар Семей ядролық полигонындағы 40 жылғы сынақтар құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» мемориалына гүл шоқтарын қойып, митинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Патриоттардың алғашқы республикалық форумы өткен жылы Түркістанда өтті. Биыл оны Абайдың, Мұхтар Әуезовтің, Шәкәрімнің отанында өткізу ұйғарылды. Онда жастарға ғана емес, тұтастай алғанда республика халқына патриоттық тәрбие берудің өзекті проблемалары қаралуда. Форум қатысушыларын  ұлылардың туған жеріне келген қонақтарды құттықтай отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мақат Садықов қысқа мерзімде бұл орайда көптеген маңызды жұмыстар жасалғанын атап өтті: «Алаш» қозғалысы және олардың көсемдері, егемен Қазақстанның тарихы, елдің мемлекеттік рәміздерінің жасалуы туралы деректі фильмдер жасалды.


«Бұл барлық қазақстандық және әсіресе тарихты оқып-үйренетін оқушылар үшін Қазақстанда бұрын-соңғы болмаған ең күшті оқулық», - деп атап көрсетті өз сөзінде М.Садықов. Жалпы отырыста сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Рахымжан Отарбаев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы, ғалым, саясаттанушы Ерлан Қарин, Қазақстан елтаңбасы авторларының бірі, профессор, сәулетші Шота Уәлиханов, Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының директоры Берік Әбдіғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақыт Сыздықова және басқалары елдегі патриоттық тәрбие мәселелерін көтерді. Жалпы отырысты қорытындылай отырып, Қазақстанның ІІ республикалық патриоттар форумының модераторы, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Бағлан Майлыбаев барлық ұсыныстар ел Үкіметі деңгейінде қаралатынын атап өтті. «Форум бейресми жағдайда өтуде, бүгін көптеген сындар айтылды. Бұл мамыр айында өткен «Нұр Отан» ХДП съезінен кейінгі республикалық үлкен шара, ол елдегі патриоттық тәрбие бағдарламасы ауқымындағы одан әрі іс-қимылдарға түрткі болмақ», - деді ол. Түстен кейін форум қатысушылары секциялар бойынша жұмыс жүргізуде. Бұдан кейін олардың назарына «Алаш» қозғалысының тарихы жөнінде «Ақбілек» спектаклі ұсынылады. Форум жұмысы Семейдің орталық алаңындағы мерекелік кешпен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум