Семейде көлік апатында бір адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақаттанды

СЕМЕЙ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Семей қаласының Сәтбаев көшесінде жол-көлік апаты орын алды - ВАЗ-21093 пен ВАЗ-2106 көліктері соқтығысты.
None
None

Алған жарақаттардан жүргізушілердің бірі ауруханада көз жұмды.

Екінші жүргізуші мен оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Жол полициясынан мәлім еткендей, бұл өткен тәулікте өңір аумағында болған жалғыз жол апаты. Қардың мол жаууына қарамастан қазіргі уақытта барлық бағыттар бойынша жолдар ашық.

Соңғы жаңалықтар