13:35, 25 Ақпан 2010 | GMT +5
Семейде мектеп олимпиадасының жеңімпаздары білім гранттарын алады
СЕМЕЙ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей мектептерінің 500-ге жуық жоғары сынып оқушылары тарих, құқық негіздері және экономика пәндері бойынша өткен дәстүрлі олимпиадаға қатысты.
Семей мемлекеттік педагогикалық институты 19 бағыт бойынша пәндік олимпиада өткізіп келе жатқанына үш жылдың жүзі болды. Тарих, құқық негіздері және экономика пәндері бойынша байқауға қатысушылар екі тур бойынша сынақтан өтті.
Қорытындысы келесі аптада жарияланатын олимпиаданың жеңімпаздары Семей институты ректорының білім грантына ие болады.