Семейде «Мерседес» соққан әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейде Қабылбаева және Оборонная көшелерінің қиылысында 32 жастағы «Мерседес» жүргізушісі солға бұрылғанда жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жапа шеккен 67 жастағы әйел алынған жарақаттар салдарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлады ШҚО ІІД.
None
None

Жол-көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Апат жексенбі күні таңертең орын алды.

Соңғы жаңалықтар